Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы, 22 жастағы Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 174-орында тұрған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен өткізді.
Т.Скатов 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 18 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 81-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньяр немесе рейтингте 160-сатыдағы боливиялық Уго Дельеннің біреуімен таласады.
Жүлде қоры 145 мың еуроға бағаланған дода 10 маусымда мәреге жетеді. Чемпион 19 650 еуро табыс тауып, 125 рейтингілік ұпайға ие болады.