Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен Еуропа теннис қауымдастығы (TE) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ева Корышева 61-ден бірден 45-орынға көтерілді. Томирис Нұржан 118- орында, Еркежан Жаңатаева 199-сатыда тұр.
Ұлдар арасында астаналық Ярослав Пшеничный 73-орында болса, Роберт Каминский 149-дан 99-ға шығып, ТОП-100-ге енді. Михаил Мищенко 128-сатыда тұр.
ITF жасөспірімдер рейтингісінде Сандуғаш Кенжебаева – 87, Асылжан Арыстанбекова – 128, Дана Байдәулет – 148, Айя Нұпбай 159-орында келеді. Бозбалалар арасында Ерасыл Ерділдә – 118, Максим Батютенко – 123, Виталий Зацепин – 200, Ильяс Маратұлы – 277, Әмір Омарханов 283-орында. Заңғар Нұрланұлы 933-тен бірден 844-ке жоғарылады.