Дубайда ITF W100 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сынды сәтті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жібек бірінші айналымда Анкита Райнамен (Үндістан) бірге Арианна Хартоно (Нидерланд/Пратана Томбаре (Үндістан)) жұбын 6:3, 5:7, 10:7 есебімен ұтты.
Ширек финалда қазақстандық-үндістандық жұп Ұлыбритания өкілдері Джоди Анна Беррейдж/Фрейя Кристимен кездеседі.