Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Элиска Тишаковамен бірге ITF санатындағы W15 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева мен 18 жастағы Элиска Тишакова финалдық матчта Софи Стойерді (Германия)/Амели Ван Импені (Бельгия) 1:6, 6:1, 10:8 есебімен ұтты.
Бұл – Сандуғаштың ITF аясындағы жұптық сынындағы төртінші титулы. Алдыңғы аптада қазақстандық теннисші түркиялық Илай Йорукпен бірге жұптық сында жеңіске жетті.
Кенжебаева өткен жылдан бері Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдиновтың жетекшілігімен жаттығады.