Қазақстандық теннисші әлемнің бұрынғы 7-ракеткасын жеңді

14 Маусым 2023, 00:28
691
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші әлемнің бұрынғы 7-ракеткасын жеңді
Фото: instagram.com/bublik

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик Нидерландының Хертогенбос қаласында жекелей сында бірінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші 1/16 финалдық кезеңінде бельгиялық теннисші Давид Гоффенмен (әлемнің 126-ракеткасы) кездесті. Бублик екі сетте 7:5, 7:5 жалпы есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды.

Александр Бублик матч кезінде сегіз эйс орындап, сегіз қос қателік жасады. Сондай-ақ қазақстандық теннисші алты ұпай мен бес ойынды қатарынан жеңді.

Айта кетейік, Гоффен бұрын ATP рейтингінде жетінші орында болған.

Өзгелердің жаңалығы