Қазақстандық студенттер енді АҚШ дипломын ала алады

Бұл студенттерге оқу бағдарламасының бір бөлігін шетелде оқуға мүмкіндік береді.

 smapse.livejournal.com Бүгiн 2026, 20:35
Бүгiн 2026, 20:35
292
Фото: smapse.livejournal.com

Қазақстандық студенттер отандық және америкалық қос диплом алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мүмкіндік Азаматтық авиация академиясы мен Kent State University арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге аспақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Не өзгереді?

Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосуға және студенттер алмасуына жол ашатын меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – қос диплом бағдарламаларын енгізу.

Оқу және алмасу бағдарламалары

Келісім аясында академиялық ұтқырлықты дамыту көзделген. Бұл студенттерге оқу бағдарламасының бір бөлігін шетелде оқуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Халықаралық авиациялық университет құру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Жаңа бағыттар

Білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттар мен саланың сұранысына сай жаңартылатын болады.

Атап айтқанда, заманауи авиация бағыттары, соның ішінде ұшқышсыз технологиялар бойынша мамандар даярлау жоспарланып отыр.

Мүмкіндіктер артады

Бұл ынтымақтастық мамандар даярлау сапасын арттырып, түлектердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық тәжірибе алуына жол ашады.

Наверх