Францияның Лион қаласында WorldSkills Lyon 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. WorldSkills International 25 жасқа дейінгі жас мамандар арасындағы кәсіби шеберлікті дамытуға арналған ең ірі жарыс, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Чемпионаттың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау және жастарды технология, инженерия, құрылыс және IT сияқты салаларға тарту.
Биыл WorldSkills Lyon 2024 көрмесіне 69 елден 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында елімізден 30 құзырет бойынша барған 32 қатысушы мен 30 халықаралық сарапшы да болды. Бәсі биік бәсекеде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Информатика және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Руслан Юсупов үздіктер қатарынан көрінді.
Руслан Юсупов «Веб-технологиялар» аталымыбойынша Венгрия, Корея және Сингапурдан келген қатысушыларға ғана есе жіберіп, төртінші орынға табан тіреді.