Кадеттер арасындағы Азия чемпионатының командалық жарысының бірінші күнінде үш қазақстандық спортшылар қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
София Ақтаева, Надежда Шустова, Алина Искандерова және Алуа Мұқановадан құралған әйелдер құрамасы Сауд Арабиясының командасын жеңіп, 1/4 финалда Тайпей командасынан басым түсті.
Проходов Кирилл, Әбжанов Нұржан, Балтабай Нұрмұхаммед, Уәлихан Нариман ерлер арасында 1/4 финалда Сингапур құрамасын 45/39 есебімен жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді.
Құрамында Жайлыбай Нұрмұхаммед, Станбек Сұлтан, Тілеуленов Алан және Филиппов Матвей бар қылышшылар 8-ге кіргені үшін Жапония құрамасын, ал төрттікке енгені үшін Өзбекстан өкілдерін 45/37 есебімен ұтты.