6 сәуір күні Ресейдің Мәскеу қаласында жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрысынан Әлем біріншілігі бастау алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарысқа дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 командадан 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынауда. Олардың ішінде Қазақстандық команда да бар. Әлемдік деңгейдегі ұйымдастырылып отырған бұл жарыста елордалық құрама команда үздік нәтижеге қол жеткізді.
Жасөспірімдер арасында Дінмұхамед Серікқазы (16-17 жас) 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Өзін өзі қорғау бөлімі бойынша әйелдер арасында Амина Шайменова да (18-37 жас) 70 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал 38-49 жас аралығында сынға түскен Мақсат Бекмуханбетов 95 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.