Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Бүгiн, 14:00
173
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыс басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған бағдарламада Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников ел намысын қорғап жатыр.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров төрешілердің шешімімен 90,55 ұпай жинап, аралық есепте төртінші орынға тұрақтады. Диас Жиренбаев 63,90 ұпаймен 19-орынды, ал Олег Мельников 58,96 ұпаймен 21-орынды иеленді.

Үш қазақстандық спортшы да еркін бағдарламаға жолдама алды. Ол үшін үздік 24 спортшының қатарына ену қажет болды.

Жарыста жапониялық Као Миура 98,59 ұпаймен көш бастады. Одан кейін Кадзуки Томоно (Жапония) - 97,19 ұпаймен екінші орынға шықса, Сота Ямамото (Жапония) - 94,68 ұпаймен үшінші орынға орналасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді. Михаил Шайдоров бұл турнирде чемпион мәртебесімен өнер көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы