Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық спортшы грек-рим күресінен Сурдлимпиада чемпионы атанды

22 Қараша 2025, 13:49
311
Бөлісу:
 Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде ол ирандық палуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды.

Ақтық сынға дейін Андрей жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Алғашқы айналымда қырғызстандық Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2 есебімен ұтса, ширек финалда болгариялық Дилиан Димитровты 8:0, ал жартылай финалда армениялық Жора Грегориянды да 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы