Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Кеше, 23:55
274
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем чемпионатында жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Энгадинде (Швейцария) өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті.

Қола медаль үшін өткен жарыста Городко америкалық Кайли Кариотистен басым түсті.

Жеңісті АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленсе, күміс жүлде Тесс Джонсонға (АҚШ) бұйырды.

Анастасия Городко мансабында екінші мәрте ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұл дисциплина 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы