Қазақстандық шаңғышы Гран-при сериясында үздік үштікке енді

Спортшының үздік нәтижесі Румынияның Рышнов қаласында тіркелді.

 Спортты дамыту дирекциясы 24 Қазан 2026, 21:49
24 Қазан 2026, 21:49
144
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев 2026 жылғы жазғы Гран-при сериясының жалпы есебінде үшінші орын иеленді. Ол Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясы (FIS) ұйымдастырған жарыстарда 201 ұпай жинады.

Спортшының үздік нәтижесі Румынияның Рышнов қаласында тіркелді. Ол 20 қыркүйектегі кезеңде үшінші орын алды.

Жалпы есепте жапониялық Наоки Накамура 450 ұпаймен жеңімпаз атанса, австриялық Даниэль Чофениг 216 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Илья Мизерных 105 ұпай жинап, 14-орынға жайғасты.

Енді спортшыларды қысқы жарыстар маусымы күтіп тұр.

Наверх