Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатына қатысады

13 Шілде 2022, 20:12
1349
Бөлісу:
Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семсерлесуден Қазақстан командасы Каирге аттанатын құрамды жариялады. 15-23 шілде аралығында Мысыр астанасы әлем чемпионатын өткізеді.

Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

Федерацияның хабарлауынша, әлем чемпионатында келесі спортшылар өнер көрсетеді:

Семсермен семсерлесу, ерлер: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай.

Семсермен семсерлесу, әйелдер: София Николайчук.

Қылышпен семсерлесу, ерлер: Артем Саркисян, Назарбай Саттар хан, Мұхаммед Әли Рахманәлі, Жанат Нәбиева.

Қылышпен семсерлесу, әйелдер: Татьяна Приходько, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик.

Өзгелердің жаңалығы