Аламан бәйгенің жеңімпазы - қазақстандық сәйгүлік «Айқабақ», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25 шақырымға жалғасқан Аламан бәйгегеде қазақстандық үш тұлпар жүлделі орындарды иеленді. Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты.
Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді.
Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс бар.
1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);
3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).