Ресей Федерациясы Қазақстаннан қызанақ әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінен хабарлады.
Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) «ВНИИКР» ФМБМ-мен бірлесіп жүргізген материалдарды талдау, сондай-ақ ҚР АШМ АӨКтегі мемлекеттік инспекция өкілдерімен келіссөздер қорытындысы бойынша 16 қаңтардан бастап «Россельхознадзор» Ресейге Қазақстаннан 36 жылыжай кешенінің қызанақтарын әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады.
Өндіруші кәсіпорындар карантиндік объектілерден бос деп танылған жылыжай кешендерінің тізіміне енгізілген.
Қазақстандық тарап өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қалған түрлері бойынша шектеулерді алып тастау туралы келіссөздерді жалғастыруда.