Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық оқушылар географиядан халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке жетті

1 Тамыз 2025, 07:46
776
Бөлісу:
 Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Таиландта өткен IGeO–2025 география пәнінен халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Бұл – оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік жарыстардың бірі. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық оқушылар 2 алтын, 2 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Жеңімпаздар:

  • Талғат Байбусынов – алтын медаль, Қарағанды облысы, НЗМ, 12-сынып
  • Андрей Енбахтов – алтын медаль, Қостанай облысы, НЗМ, 10-сынып
  • Болат Ақжол – күміс медаль, Жетісу облысы, НЗМ, 12-сынып
  • Әлихан Қалмағамбетов – күміс медаль, Ақтөбе облысы, НЗМ, 12-сынып

Қазақстан құрамасын олимпиаданың барлық кезеңіне дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы ұйымдастырды. Команда жетекшілері – ҚазҰТЗУ студенті Рустам Валеев пен халықаралық олимпиадалар жеңімпазы Абай Дүйсен.

Бұл жетістік – оқушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың және жалпы еліміздің халықаралық білім аренасындағы беделінің айқын дәлелі.

Айта кетейік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық оқушылар 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алған.

Өзгелердің жаңалығы