Испанияның Ла-Корунья қаласында өтіп жатқан WKF каратэден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Турнирге барлығы 72 елден 2 627 татами шебері жиналған, соның ішінде Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі де бар.
Жарыстың алғашқы күні Ұлттық құрама спортшылары 2 жүлдеге қол жеткізді. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Биғабыл чемпион атанса, әйелдер арасында 68 келіде Нұрия Тізімбай қола жүлдеге ие болды.
Турнир 30 сәуірге дейін жалғасады.