Қазақстандық гимнасттар Еуропадағы халықаралық турнирлерде өнер көрсетеді

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының өкілдері екі халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 olympic.kz 11 Наурыз 2023 2023, 04:30
11 Наурыз 2023 2023, 04:30
1397
Фото: olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының өкілдері екі халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы Марбелье (Испания) Гран-приде өнер көрсетеді. Жарыс 10-12 наурыз аралығында өтеді.

Афинада (Греция) дәл осы кезеңде APHRODITE CUP өтеді. Оған Сабина Бакатова, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова, Дильназ Байленова қатысады.

Наверх