Қазақстандық футболшы әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткер атанды

Бұл жаңалықты Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жазды.  

 kazfootball.kz Бүгiн 2026, 00:57
Бүгiн 2026, 00:57
124
Фото: kazfootball.kz

Бұл атаққа жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Кайзер ие болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама мен "Арман" клубының ойыншысы Михаил Кайзер Beach Soccer Worldwide ұйымы бойынша 2025 жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер сапына қосылды. 

Қазақстан футбол федерациясы дауыс беру ұлттық құрамалардың бас бапкерлері мен капитандары арасында өтетінін мәлім етті. Осыған дейін Михаил Кайзер 2025 жылғы Еуролиганың В дивизионында ең үздік ойыншы (MVP) атанған-ды. Демек, қазақстандық спортшының бұл шыңды бағындыруына негіз бар. 

Еуролига-2025 турнирінде ол 7 матч өткізіп, 7 гол соққан. Бұл нәтиже арқылы Кайзер Қазақстан құрамасының басты сұрмергені атанып отыр. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Еуролиганың В дивизионында сәтті ойын өткізіп, 2026 жылғы маусымда А дивизионында ойнау мәртебесіне ие болған еді. 

Наверх