Оңтүстік Кореяда академиялық ескек есуден Азия кубогында ел құрамасы 2 алтын ұтып алып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет топ жарды. Бұл сайыста Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова, Екатерина Носкова және Елизавета Шлейн төрттігі жеңіс тұғырына көтерілді. Жігіттеріміз де ептілік танытып, намысты қолдан бермеді.
Ерлер арасындағы жарыста Арслан Сексен, Арыстан Айбеков, Тимур Фомичев секілді ескекшілерден құралған топ үздік шықты.
Шынымды айтсам, бірінші болып келеміз деп ойламаған едім. Осы спортпен айналысқаныма 3 жыл болды. Бұл жеке өзім үшін үлкен жетістік, - деді академиялық ескек есуден ҚР құрамасының мүшесі Екатерина Носкова.