Мәжіліс депутаты Мәжілістің жалпы отырысында экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат Руслан Қожасбаевтың айтуынша, бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленіп, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институт мәртебесіне ие экспорттық-кредиттік агенттік құруға бағытталған.
Заңды қабылдау экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебеге ие болуына мүмкіндік береді. Қазақстандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырады, экспортқа бағдарланған өндірістерді ұлғайту есебінен жаңа жұмыс орындарын құрады, экспортқа бағдарланған өндірістер аударатын салықтарды көбейту есебінен бюджет қаражатын өсіреді және экспорттық себетті үлкейтеді, – деді депутат Руслан Қожасбаев.
Заң жобасы 10 заңнамалық актіге, соның ішінде кодекске және 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Жұмыс тобына 50-ден астам түзету келіп түсті, олар жұмыс тобының отырыстарында, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестіктер мен сараптама ұйымдары өкілдерінің қатысуымен комитеттің кеңейтілген отырысында қаралды.
Жұмыс тобы заң жобасын екінші оқылымға дайындау үшін жұмысын жалғастырады.