Қазақстандық джиу-джитсушы Азия жағажай ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілімен финалда кездесті.

 Никита Басов/ҰОК Бүгiн 2026, 12:18
Бүгiн 2026, 12:18
203
Фото: Никита Басов/ҰОК

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия жағажай ойындарында джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Нұржан Батырбеков жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.

Ол 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жүлдеге ие болды. Финалда Батырбеков Оңтүстік Корея спортшысы Ли Джэёнмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде Алинұр Қуатұлы қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін джиу-джитсушы Батыр Теңізбай (62 келіге дейін) қола жүлде алған еді.

Наверх