Қазақстандық Денис Никиша маусымның үздік спринтері атанды

13 Ақпан 2023, 11:45
715
Бөлісу:
Қазақстандық Денис Никиша маусымның үздік спринтері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Денис Никиша маусымның үздік спринтері атанды. Бұл туралы BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен Әлем Кубогінің қорытынды 5-кезеңі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша отандасымыз Денис Никиша биылғы маусым қорытындысында 500 метрге жарыста жалпы есепте 402 ұпаймен 1-орын алды, - делінген хабарламада.

Денис былтыр АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем Кубогі кезеңінде күміс жүлде жеңіп алған. Сосын Алматыда өткен екі кезеңде алтын, күміс және қола медальге қол жеткізген.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Абзал Әжғалиев үздік ондықтың (8-орын) қатарынан көрінді.

Өзгелердің жаңалығы