Қазақстандық азаматтар әлемдік нарыққа үлес қосып жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандық БАҚ мамандары уақыт өте келе өздерінің бейімделгіштіктерін және жаңа технологияларды қабылдауға дайын екендіктерін көрсетті. Қазақстан азаматтарының көпшілігі желіде белсенді болып, жаһандық онлайн нарыққа өз үлесін қосып жатқандықтан, мен үшін қазақстандық БАҚ одан әрі дамып, инновациялық контент жасау үшін технологиялық жетістіктерді пайдалануға дайын екені анық көрінеді, - деді ол Астанада өтіп жатқан Qazaq форумда.
Оның мәлімдеуінше, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі БАҚ-тың бостандығын қолдайтынын айтты.
АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігі баспасөз бостандығын, бұқаралық ақпарат құралдарының кәсібилігін және сапалы журналистиканы қолдауға ұмтылады, - деді елші.