Ақтауда әртекті корабльдер жекелеген дивизионының зымыранды-артиллериялық корабльдер экипаждары К-1 курстық тапсырмасын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Теңізге шығар алдындағы бұл маңызды кезең зымыранды-артиллериялық корабльдер экипаждарын теңіздегі жауынгерлік міндеттерді кепілді орындауға дайындауға бағытталған.

К-1 тапсырмалары шеңберінде орналасу пунктінде тұрған жағдайда корабльдердің өміршеңдігі үшін күрес жөніндегі нормативтердің орындалуына тексеру жүргізілді.
Жауынгерлік оқу-жаттығу сынағы корабльдер экипаждарының өртке қарсы және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын орындауын қамтыды.

Корабльдерді қорғау үшін әрекет етудегі экипаждардың тез және тиімді шешім қабылдау қабілеті тексерілді.
Бұл іс-шаралар экипаждардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға және шектеулі ресурстар мен шамалы уақытта өзара әрекет етудің жалпы дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.

К-1 тапсырмасы сәтті аяқталғаннан кейін зымыранды-артиллериялық корабльдер жауынгерлік дайындықтың жаңа кезеңіне көшеді, яғни теңізге шығады. Онда экипаждар теңіздегі , әуедегі және жағалаудағы нысандар бойынша зымырандық және артиллериялық атыс кешенін орындайды, – деді дивизион командирі 2-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров.
Іс-шаралар нақты жағдайларда қаруды дәл қолдану мен оның тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді.
Әскери-теңіз күштерінің теңізшілері осы міндеттерді биылғы жылдың наурыз айында орындауға кірісетін болады.