Қазақстандық әскери қызметші рекордтар кітабына енуі мүмкін

6 Мамыр 2023, 09:40
795
Бөлісу:
Қазақстандық әскери қызметші рекордтар кітабына енуі мүмкін
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым Қазақстанның рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марафоншы 5 күнде 500 шақырым жүгіріп өтіп, елордада мәреге жетуді көздеп отыр. Түнгі демалыстан және қалпына келтіру рәсімдерінен кейін 5 мамыр күні таңғы алтыда ол Қарағандыдан Осакаровкаға бағыт алды.

Спортшының жетістігін Қазақстан Рекордтар кітабының өкілдері тіркейді. Ол ультрамарафон нәтижесі бойынша Рекордтар кітабына кіруге үмітті.

Спортшының орташа жылдамдығы сағатына 8-10 шақырым. Оның денсаулығын медицина қызметкерлері бақылайды. Тактикалық мәселелер бойынша жаттықтырушылар кеңес береді. 
Бастапқыда Бауыржан Әбдіқайым Алматыдан Шымкентке дейінгі күрделі бағыт бойынша жүгіруді жоспарлаған болатын. Бірақ Ақжал кентінен Астанаға дейінгі дала кеңістігін еңсеру де оңай емес екені белгілі болды. Спортшының көп күш-жігері ұсақ шоқылар мен екпінді желдің биіктігін жеңуге жұмсалады.

Бірақ осындай орасан зор физикалық жүктемеге қарамастан, қазақстандық жауынгер километрден километрді еңсере отырып, межелі уақытта Астанаға жететініне сенімді.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Отан қорғаушылардың денсаулығын нығайтып, ерік-жігері мен рухын көтеретін мұндай бастамаларға ұдайы қолдау көрсетіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы