Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдан бері 8 қазақстандық автоөнеркәсіп кәсіпорны көлік құралдарын өндірушілердің өзіндік бірегей сәйкестендіру кодтарын пайдалану құқығына ие болды.
Әрбір көлік құралында (шассиде) 30 жыл ішінде бірегей болып табылатын VIN (Vehicle Identification Number) сәйкестендіру нөмірі бар екені белгілі. Бұл ретте, VIN сәйкестендіру нөмірінің алғашқы үш позициясында WMI (World Manufacturers Identification) өндірушінің халықаралық сәйкестендіру коды келтірілуі тиіс.
Өндірушіде WMI кодының болуы он жеті таңбалы VIN сәйкестендіру нөмірін бере отырып, өз өнімін таңбалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және көлік құралының (шасси) типін мақұлдауды ресімдеу үшін алғашқы кезеңдердің бірі болып табылады.
WMI деректерін отандық өндірушілерге ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт Техникалық Хатшылығы Жаңа Қазақстан тұжырымдамасының шеңберінде Автомобиль инженерлері қоғамымен (Society of Automotive Engineers (SAE) бірлесіп берді.
Көлік құралдарын өндірушінің халықаралық сәйкестендіру кодын (WMI коды) ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт Техникалық хатшылығы Автомобиль инженерлері қоғамымен (Society of Automotive Engineers (SAE) бірлесіп 2019 жылдан бастап береді.
2019 жылға дейін қазақстандық автоөндірушілерге WMI өндірушінің халықаралық сәйкестендіру кодтары басқа елдерде берілген және олар бүгінгі күні қолданыста.