Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық 44 талапкер Қытайдың жетекші университеттеріне оқуға қабылданды

11 Шілде 2025, 23:30
525
Бөлісу:
 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

2025-2026 оқу жылына Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға 44 қазақстандық жас қабылданды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың ішінде 35 талапкер – Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы халықаралық келісім негізінде, ал 9 студент – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының стипендиялық бағдарламасы аясында грант иегері атанды.

Бөлінген гранттар оқу ақысы, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру секілді шығындарды толықтай өтейді. Сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде жүргізіледі.

Айта кетейік, стипендия тағайындау туралы соңғы шешімді Қытай Халық Республикасы қабылдайды.

Грант иегерлерінің толық тізімімен bolashak.gov.kz ресми сайтында танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы