Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еліміздің әлеуетін одан әрі арттыруымыз керек. Бұл алдымызда тұрған ең үлкен мақсат. Сондықтан босаңсуға болмайды. Басқа сөзбен атқанда, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін оның бәрі жеткіліксіз екені анық. Қазақстанды озық елге айналдыруымыз керек, - деді Тоқаев.
Ол бұл жай ұран емес екенін айтып, нақты жоспарымыз екеніне назар аударды.
Бізге керегі дамудың сара жолы. Сол себепті түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар, еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз қажет. Ең бастысы біздің батыл іс-әрекетіміз әділетті Қазақстан құру қағидатына сай болуға тиіс. Алдымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек. Яғни экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алға міндеттерін қайта қарау қажет, - деп айтты Президент.
Тоқаев мемлекет елді үздіксіз қолдау шараларынан нағыз сапалы дамуға қолғабыс етуге көшу керегін айтты.
Бұл жұмысты сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындайтын уақыт жетті, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы отырыста.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.
5 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет қызметінен кетті. Ақорда Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқаратынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.