Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық боксшылар WBC рейтінгінде жоғары көтерілді

12 Наурыз 2019, 20:56
2353
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды. Жаңа рейтинг бойынша қазақстандық боксшылар біршама жоғары көтерілді, деп жезады Sports.kz.

Әли Ахметов жартылай ауыр салмақта 18- орыннан 16-орынға көтерілді.

Ал екінші орташа салмақта 40- нөмірмен Айдос Ербосынұлы рейтингке қосылды.

Орта дивизионда Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 32-ші орыннан 29-орынға көтерілді, Жәнібек Әлімханұлы үш позицияға жоғарылап, 30-шы орынға шықты.

Бірінші орта санаттың өкілі Садриддин Ахмедов 37-ші орынды иеленді (38-ші орында болған). Нұрсұлтан Жаңабаевтың да жағдайы жақсарып, қазір 39-шы орында тұр.

Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақта 24-ші орыннан 21-орынға көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы