Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандағы жекеменшік мектептерге 19 млрд теңге бөлінген

Бүгiн, 19:47
97
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Қаржы министрлігінің OrtaBilim жаңа ақпарат сервисі жеті өңірдегі жекеменшік мектептердің алдындағы қарызды өтеуге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде Ақтөбе облысындағы мектептерге 1,5 млрд теңгеден астам сома берілді. Маңғыстау облысындағы ЖМ 2 млрд теңгеден астам ақша алса, Шымкент қаласындағы білім ордаларына 6,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, сондай-ақ СҚО, Түркістан, ШҚО және Павлодар облыстарындағы ЖМ 4,8 млрд теңгеден астам сома бөлінді. 

Білім басқармалары мен мектептер арасында 60 млрд теңге сомасына қаржыландыру туралы келісімшартқа қол қойылды – келісімшартта көзделген қаражат. Жергілікті бюджеттен жеке білім беру қызметтерін қаржыландыруға барлығы 79 млрд теңге бөлінді. Өңірлер мен мектептер бөлінісінде бюджетті игеру, өтінімдер, келісімшартта қарастырылған және актіленген сомалар бойынша толық статистика аталған сервистің сайтында бар.

Маңғыстау облысы ЖМ алдындағы қарызды толықтай өтеген алғашқы өңірлердің бірі. Білім беру қызметтерін көрсететін әрі өтінім берген елуден астам жекеменшік мектеп 4,6 млрд теңге сомасына қаржыландыру келісімшартына қол қойды – бүкіл бюджеттің ақшасы. Бүгінде 2,1 млрд теңге төленді (қыркүйек-қазан аралығы), қалған қаражатты мектепттерге таяу күндері аударылады.

Жағдай қиын болғаны рас. Маңғыстауда оннан астам мектеп бірнеше ай ақшасыз қалып, педагогтарға жалақы төлей алмады. Кейбір тұстарда құрылтайшыларға қаражат іздеуге тура келді. Біз, мысалы жағдайдан шығу үшін несие алдық. Қазір жағдай жақсарды – жергілікті чаттар қуанышқа толы хат алысу көп. Жаңа сервиске келсек, мақтағандай болмайын, бірақ барлығы өте анық. Ең бастысы, жылдам әрі ашық. Қолдау қызметі тәулік бойы байланыста. Барлығы жаңа болғандықтан көптеген сұрақ пен бір ерекшеліктер болатыны белгілі. Күн сайын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары мен басшылығы Zoom арқылы конференция өткізіп, онда бірнеше сағат бойы барлығы түсіндіріледі. Әрине, олар ұзақ тыңдауға мәжбүр – басында біраз келіспеушілік болды. Бірақ мәселенің байыбына барған кезде бәрі әлдеқайда жеңіл болып шықты. Бұрын қаржы орталығы өтінімдерді қабылдап, оны бір ай бойы қарастыратын. Содан кейін барлық келісімшарт пен актілер мемлекеттік сатып алу сайты арқылы жіберілетін –бұған әжептәуір уақыт кететін. Енді «бір терезе» қағидасы бойынша: барлығы тексеріліп, бір қызмет арқылы қол қойылады. Ең бастысы, барлығы жылдап әрі ашық, деді Маңғыстау облысындағы ADVANTA.KZ LYCEUM мектебінің құрылтайшысы Жанна Тоқбаева.

Бұған қоса жеке кәсіпкер жергілікті білім басқармасына алғысын білдірді – басқарма мамандары, басшылығы кешке дейін, тіпті демалыс күндері мұғалімдерге мүмкіндігінше көмектесіп, мектептердің өтініштерін қарап, кеңес беріп жатты.

OrtaBilim мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның жекеменшік мектептері 72 млрд теңгеге өтінімдер орналастырған. Бұл ретте өңірлердегі ЖАО тарапынан 80 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінгенін айта кетейік. Тек екі өңірде сұралған қаражат бюджеттің сомасынан асып түскен – Шымкент пен СҚО. Мәселен, Шымкент қаласының білім басқармасы 14,5 млрд теңге соманы жарияласа, мектептерден 16,6 млрд теңгеге өтініш түскен. СҚО-да жағдай осыған ұқсас болғанымен сұралған ақшаның мөлшері аз: мектептерден 506 млн теңгеге өтінім түсіп, 405 млн теңге бөлінген.

OrtaBilim сервисі отандық IT компания – Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен) өнімі. Бұл орталық қызметі бұрыннан жолға қойылған қазақстандық IT компаниялардың бірі. Таяуда оның құрылғанына 32 жыл толған-ды – Ақпараттық-есептеу орталығы 1993 жылы 2 қарашада ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен құрылған болатын.

Бұл аралықта АЕО сан алуан ақпарат жүйелері мен сервистерді әзірлеп, оларға техникалық қолдау көрсетіп келеді: Мемлекеттік мүлік тізілімі, астық қолхаттарының тіркеу жүйесі, қаржы есептілік депозитарийі, Азаматтардың банкроттығы, мемлекеттік шекарада электронды кезек пен рұқсат қағаз алуға мүмкіндік беретін CarGoRuqsat және CarGoAlem сервистері, бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізімі, алкоголь және мұнай өнімдерін есепке алу жүйелері, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы және басқа да көптеген цифрлы жүйе мен шешімдер бар. «АЕО» АҚ-ның барлық платформасы мен сервистері деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуына байланысты аттестаттаудан уақтылы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы