Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты

Кеше, 20:34
134
Бөлісу:
Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты
Фото: Туризм және спорт министрлігі

2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.

Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген аймақтар:

Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);

Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);

Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);

Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);

Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).

Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы