2025 жылы Қазақстанға 10 миллионнан астам шетелдік азамат келген. Бұл туралы Сенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Есепті кезеңде елге 10,8 миллион шетелдік азамат кірді. Ал кеткендер саны – 10 миллион 650 мың. Келушілердің жалпы санының шамамен 90%-ын ТМД елдерінің азаматтары құрайды, – деді Лепеха.
Оның айтуынша, ең көп үлес көрші елдерге тиесілі:
• Ресей азаматтары – 10,8%;
• Өзбекстан – 10,6%;
• Қырғызстан – 8%.
Сонымен қатар көш басында – Тәжікстан мен Беларусь азаматтары бар. Олардың үлесі – шамамен 13%.
Лепеханың сөзінше, дәл осы елдер Қазақстандағы негізгі көші-қон ағынын қалыптастырады.
ІІМ дерегінше, жыл басынан бері 10 138 адам елден шығарылып, оларға 5 жылға қайта кіруге тыйым салынған.
Әрине, еңбек заңнамасын бұзу фактілері де бар. Есепті кезеңде 314 шетелдік (оның ішінде Армения азаматтары да бар) жауапкершілікке тартылды, ал 268-і әкімшілік жазаға тартылды. Елден шығарылғаннан кейін олардың Қазақстанға қайта кіруіне 5 жылға шектеу қойылады, – деді Лепеха.
Еске салсақ, Қазақстанда қос азаматтығы бар 700-ге жуық адам анықталды. Депутаттар қос азаматтық үшін жазаны күшейтіп, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізуді ұсынды.