Қазақстандағы инклюзия: Мектептер ерекше балаларды қалай қабылдап жатыр?

Қазақстан мектептерінде инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы қандай? Бұл тақырыпты подкастта ерекше қажеттіліктері бар баланың ата-анасы және мамандармен бірге талдап көрдік.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 19:33
Бүгiн 2026, 19:33
124
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Соңғы кездері қазақ қоғамында инклюзия тақырыбы жиірек қозғала бастады. Әлеуметтік желілерде ата-аналар, оның ішінде өнер жұлдыздары, режиссер-блогерлер ерекше балалары барын, соған байланысты қандай қиындықтармен ұшырасатынын көбірек бөлісіп жүр.

Наурызда үлкен экранға ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмірі туралы “Ерекше” фильмі де шықты. Осы орайда, Қазақстандағы инклюзия тақырыбын BAQ.KZ редакциясы да қозғап, Қазақстан мектептерінде инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайын ата-ана мен сала мамандарынан сұрады.

Подкастқа Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті директорының орынбасары Қожахмет Әлішерұлы, психолог, мінез-құлық талдаушысы Алтынай Ахметжанова және ерекше баланың ата-анасы Динара Баймағамбетова қатысты.

Әңгіме барысында инклюзияны дамыту бойынша нақты қандай өзгерістер болып жатыр, қарапайым мектептердегі ерекше балалар қандай қиындықтарға тап болып жүр, ерекше баланы жаңа ортаға қалай бейімдеу керек деген сияқты мәселелер нақты мысалдар арқылы талқыланды.

 

              

Наверх