Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ата заңда тайға таңба басқандай қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп айтылған. Оның мәртебесіне Конституциялық кеңестің екі нормативтік қаулысы арналған. Мемлекет ол нормативтік қаулыда Конституциялық кеңес мемлекеттік тілдің қазақ тілі болуы егемендіктің бірден-бір белгісі екенін анық жазған. Орыс тіліне келетін болсақ, мемлекеттік ұйым мен өзін-өзі басқару ұйымдарында тең қолданылады деп айтылған. Ол үшін біздің көпұлтты этносымыздың құрамын қарастыруымыз керек, - деді ол.
Нұрмұханов атағап өткендей, халықтың орыстілді үлесі 30 пайызды құрайды.
Мемлекеттік органдарда, қазіргі қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер екі тілде қабылданады. Ал бұйрықтар, ішіндегі ережелер сынды құжаттар қазақ тілінде болады. Қазіргі таңда құжат айналым 96 пайыз қазақ тілінде жүргізіледі. Бұл көрсеткіш әлі деөседі, - деді Нұрмұханов.