Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 14 наурыз күні №13 «Білім беру ұйымдарындағы шектеу шараларын алып тастау туралы» қаулыға қол қойды.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер АЛЫП ТАСТАУ туралы бірнеше қаулылар қабылдады:
Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:
- «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
- әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;
- міндетті термометрия.
Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.
Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).
Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.
Бесінші. COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарда жасыл мәртебенің қолданылу мерзімі 6 aйға дейін ұзартылды.