Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандағы АҚШ елшілігі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2022, 19:28
1343
Бөлісу:

Қазақстандағы АҚШ елшілігі ел тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мерекелік құттықтау елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

АҚШ елшілігі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Біздің Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық бүтіндігін үнемі қолдауымыз берік қатынастарымыз бен ауқымды стратегиялық әріптестігіміздің негізі болып қала береді. Қазақстандықтарға бейбітшілік, денсаулық пен қазір және болашақта гүлденуді тілейміз, - деп жазылған құттықтауда. 

Өзгелердің жаңалығы