Қазақстанда жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа терминал пайдалануға берілді

12 Қараша 2024, 19:22
216
Бөлісу:
Қазақстанда жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа терминал пайдалануға берілді
VIDEO
Фото: ortcom.kz

Маңғыстау облысындағы Құрық портында қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда порт аумағындағы жеке компаниясының астық терминалы Қазақстанның түкпір-түкпірінен астық дақылдарын қабылдауға дайын.

Жоба аясында 28 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды біржолғы сақтау мүмкіндігі бар 18 сүрлем салынды. Құбырлардың өнімділігі сағатына 300 тоннаны құрайды.

Терминал дәнді дақылдарды Қазақстаннан Иранға, Кавказ өңірі елдеріне және одан әрі экспорттайды.

Бүгінгі таңда астық терминалында шамамен 14 мың тонна арпа сақталып тұр. Биыл осы терминалдан Құрық портының №4 айлағы арқылы 3 500 тонна арпаның бірінші жүк партиясы Иранға жөнелтілді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау шеңберінде іске асырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы