Қазақстанда жүргізушілерге қайта емтихан тапсыру міндеттелмек

Бүгiн, 12:10
1019
Бөлісу:
Қазақстанда жүргізушілерге қайта емтихан тапсыру міндеттелмек
Фото: Архив BAQ.KZ

Сенатор Марат Қожаев жол апаттарының санын азайту үшін жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін білуін және көлік жүргізу дағдыларын тұрақты түрде тексеріп отыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылы Қазақстанда 31 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сенатордың пікірінше, жол апаттарының негізгі себептерінің бірі – жүргізушілердің жеткіліксіз дайындығы. Осыған байланысты ол премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында жүргізушілерді оқыту және бақылау жүйесін қайта қарауды, сондай-ақ әр 10 жыл сайын міндетті қайта аттестация енгізуді ұсынды.

Сенатордың негізгі ұсыныстары:
• Авто мектептерге мемлекеттік бақылауды күшейту.
• Жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімін енгізе отырып, емтихан жүйесін қайта қарау.
• Жүргізуші куәлігін алғаннан кейін 6 ай өткен соң біліктілікті арттыру курстарын міндетті ету.
• Жол қозғалысы ережелерін білуі мен көлік жүргізу дағдыларын әр 10 жыл сайын тексеріп отыру.
• Жүргізуші куәліктерін беру процесін Ішкі істер министрлігіне тапсыру.
• Барлық ірі қалалар мен аудан орталықтарында арнайы ХҚКО мен автодромдар ашу.

Бұған қоса, Қожаев жол инфрақұрылымын жақсартуды ұсынды. Оның ішінде:
• Көпдеңгейлі жаяу жүргіншілер өткелдерін салу,
• Жолдардың жарықтандырылуын жақсарту,
• Жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу,
• Ірі қалалардың айналма жолдарын салуды жеделдету.

Өзгелердің жаңалығы