Қазақстан Жоғарғы Сот кеңесінің рөлі мен мәртебесін күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Андрей Лукин «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Оның сөзінше, Мемлекет басшысы кадрлық функциялары анық, толыққанды институт ретінде Жоғары Сот кеңесінің (ЖБК) рөлі мен мәртебесін күшейтуді тапсырды.
Жоғарғы Соттағы кадрлық мәселелердің бір бөлігі 2019 жылы Жоғарғы Сот кеңесіне берілген болатын. Енді судьялыққа кандидаттарды оқыту, олардың біліктілігін арттыру, жас шегін ұзарту, судьялардың міндетін атқарушылардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату мәселелерін Жоғарғы Сот кеңесіне беру ұсынылып отыр. Сот төрелігі академиясы да Жоғарғы Сот кеңесінің енгізуіне берілді, - деп айтты сенатор Андрей Лукин жалпы отырыста.
Сенат депутаты атап өткендей, енді сот кадрларын іріктеу, олардың әрі қарай мансаптық өсімі мен зейнеткерлікке шығуы Жоғарғы Сот Кеңесіне толық жүктеледі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын екінші оқылымда қабылдаған болатын.