Қазақстанда жексенбі күні нөсер жаңбыр мен шаңды дауыл соғады

«Қазгидромет» 5 сәуірде елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, оңтүстікте бұршақ пен дауыл, солтүстікте шаңды дауыл болатынын ескертті.

 ©BAQ.KZ архив Бүгiн 2026, 20:17
Бүгiн 2026, 20:17
131
Фото: ©BAQ.KZ архив

Синоптиктер 5 сәуір, жексенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық ахуал мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста дауыл соғуы мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, күндіз солтүстікте шаңды дауыл болады, - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, орталығы мен тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Наверх