Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
12 Қыркүйек 2025, 14:47
1479
Бөлісу:
 Артём Чурсинов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Қазақстанда қасбеттік материалдар шығаратын алғашқы кәсіпорын – “Metal Former” зауыты да “Келешек мектептері” ұлттық жобасына қатысып отыр. 2023 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен ашылған өндіріс орны бүгінде алюминий профильдері мен қасбеттік шешімдерді шығарып, импортты алмастыруға үлес қосып келеді.

Зауыттың өнімдері жаңа мектептердің құрылысына жіберіліп, елдегі ірі құрылыс компаниялары тұтынады. BAQ.KZ тілшілері Астанадағы №1 Индустриялық парк аумағында орналасқан зауытта болып, өндіріс процесімен танысты.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

“Metal Former” – “Келешек мектептері” ұлттық жобасына қатысатын қасбеттік материалдарды шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын. Негізгі бағыт – ғимараттардың сыртқы және шатыр беттеріне арналған құрылыс материалдарын өндіру.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Зауыттың директоры Мақсат Сәдуақасов өндіріс орны алюминий профильдерін, қасбеттік материалдар мен шатыр шешімдерін өндіруде көшбасшы екенін айтты.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Зауытымыздың мақсаты – шетелден келетін өнімдердің орнын отандық өніммен алмастыру. Зауытта 85 адам жұмыс істейді. Зауыт 2023 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен ашылған. Бүгін екінші зауытта ашуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Зауытты ашуға жергілікті қорлар мен банктер қолдау көрсетті. Екінші зауыт ашылса, өзімізден шығатын өнімдердің бағасын 20-25%-ға төмендете аламыз. Зауытта шығарылатын өнім еліміздің импортқа тәуелділігін 25%-ға дейін төмендеткен, - дейді басшы.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Өнімдер “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысына жіберіліп жатыр. Сонымен қатар еліміздегі ауқымды құрылыс компаниялары да осы зауыттың өінімін тұтынады.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Зауыт Өзбекстанмен де бірлесе жұмыс істеуге келіскен.

2025 жылды Мемлекет басшысы Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Бұл зауытта еңбек ететін мамандарға үлкен мотивация болды. Қазір әкімдіктерден, түрлі компаниялардан көп ұсыныс түсіп жатыр. Атаулы жылда мәртебеміз артып жатыр. Өзгелердің бізге көзқарасы де өзгеше. Қолдау көрсетіліп жатыр, - деп атап өтті Мақсат Сәдуақасов.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Ол өндірістің ел үшін маңызына тоқталды.

Өндірістің дамығаны бәрімізге жақсы. Made in Kazakhstan-ды (“Қазақстанда жасалған”) әлем аренасында таныту үшін әрекет етіп жатырмыз. Зауытта жұмыс істейтіндердің бәрі қазақтың қара домалақ балалары. Кейбірінде диплом болмаса да, өте білікті, жұмысын жақсы біледі, - дейді зауыт басшысы.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Оның сөзінше, зауытта операторлар, алюминий шығаратын мамандар, темір заттарын өңдейтін жұмысшылар еңбек етеді. Зауыт мамандары жұмысқа енді орналасқан мамандарды өздері үйретеді. Бүгінде зауытқа технолог маман қажет.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Айта кетейік, зауытта жұмыс толық автоматтандырылған.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Зауыттың алюминий профилінің операторы Алтынбек Аманжолов өзінің негізгі қызметі жайлы айтып берді.

Зауытта 2024 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Менің негізгі жұмысым алюминий профильдерін шығару. Оның сапасын қадағалау. Жауапкершілік өте жоғары. Сондықтан барлығын қадағалап, өндіріс процесін ойдағыдай жүргізу. Бізде бас мамандар түркиялық мамандар. Біз олардың тәжірибесін 3 ай үйрендік. Қазір енді біз өз білгенімізді басқаларға үйретіп жүрміз, - дейді оператор.

Сөзінше, қазір зауыт ішкі нарықты өніммен қамтуға дайын.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы – 400 мыңнан жоғары. Цехта жұмыс істейтіндер 350 000-500 000 теңге көлемінде жалақы алады.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Зауытта мамандар арнайы формамен, тамақпен және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оған қоса қаладан келіп жұмыс істейтіндерді зауыттың көлігі апарып, әкеледі.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Айта кетейік, Астана индустриялық паркі - басты өндірістік инвестициялық алаңның тиімді жұмысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономикалық өсудің негізгі драйверлерін нығайтуға ерекше назар аударды. Олардың арасында инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік маңызды орын алады.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Қалада инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және жобаларды қолдауға ерекше мән беріліп келеді.

Биыл 7 айдың қорытындысы бойынша елорда экономикаға салынған инвестиция көлемі жағынан көш бастады. Нақты өсім 42%-ды құрап, 1,2 трлн теңгеге жетті. Жеке инвестициялар 25,4%-ға өсіп, 780 млрд теңгені құрады.

"Қазақстанда жасалған": Отандық өндіріс шетел өнімінің орнын басуға дайын

Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің ерекше рөлін атап өтті. Бұл экспорттық әлеуетті қалыптастыратын, жаңа технологияларды енгізетін және сапалы жұмыс орындарын құратын сала.

2024 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі 10%-дан асып, 2,5 трлн теңгеге жетті. Биыл өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндірістерді іске қосу есебінен көлемді 7%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл өсім 2,6 трлн теңгеге дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы