Қазақстанда жаңа туған нәрестенің шетінеуі 4 есеге азайған

Кеше, 16:51
356
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа туған нәрестенің шетінеуі 4 есеге азайған
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әр түрлі бағдарламалардың нәтижесінде соңғы 10 жылда елімізде балалар өлімі 40%-ға, нәресте өлімі - 65%-ға, неонаталдық өлім - 50%-ға төмендеді.

Бұл көрсеткіштерді БҰҰ қорлары бағалады. Қазақстанның орнықты дамудың үшінші мақсатының халықаралық индикаторларына мерзімінен бұрын қол жеткізгені мойындалды. Денсаулық сақтау министрлігі балаларымызға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын одан әрі жақсартуға ниетті - деді Мағрипа Ембергенова ОКҚ алаңында талқылауда.

Қазақстанда жаңа туған нәрестенің шетінеуі 4 есеге азайған
ОКҚ
Өзгелердің жаңалығы