Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

9 Шілде 2024, 15:46
969
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында  берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз, – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы