Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына сай, қараша айының екінші бейсенбісі – елімізде Сапа күні мерекесі болып бекітілмек.
Қазақстанда сәйкес мерекені біріктіру сапалы тауарлар мен қызметтерге тұрақты тұтынушылық қызығушылықты қалыптастыруға, отандық кәсіпорындар мен ұйымдарды заманауи әлемдік үрдістерді ескере отырып, өз өнімдері мен қызметтерін жақсартуға ынталандыруға ықпал етеді, - делінген негіздемеде.
Бұл күн дүниежүзілік қауымдастық – 1989 жылдан бастап жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сапа күніне орай теңестірілді.
Оны БҰҰ қолдауымен Еуропа, Америка және Жапон сапа ұйымдары құрды. Жыл сайынғы әлемде түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың мақсаты - тұрақты дамуды және азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, қоғамды басқарудың жоғары сапасының маңызын атап өту, - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысының жобасына.
Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.