Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда зейнетақы жинағын тіс емдету үшін пайдалану тоқтатылады

11 Қыркүйек 2025, 13:04
1594
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану өтінімдерін қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді. Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады, — делінген банктің хабарламасында.

Мұнда "зейнетақы артықшылықтарын" пайдалану туралы айтылып отыр. Жеткіліктілік шегінен асқан соманы Қазақстан азаматтары тұрғын үй жағдайын жақсарту, білім алу немесе медициналық қызметтер, соның ішінде стоматология үшін бағыттауға құқылы.

Уақытша шектеудің себептері нақтыланбаған.

Еске салайық, бұған дейін зейнетақы қорында жиналған қаржы – әрбір азаматтың жеке меншігі. Ал иесі қайтыс болған жағдайда бұл жинақ қалай берілетіні, кім мұрагер бола алатыны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы