Қазақстанда ұлттық жастар онкүндігі басталды

Бөлісу:
Қазақстанда ұлттық жастар онкүндігі басталды
Фото: baq.kz

Биыл Халықаралық жастар күні «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі форматында аталып өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратына сүйеніп.

3-12 тамыз аралығында өтетін онкүндікте республика бойынша 1 000 000-нан астам адам қамтылып, бес мыңнан астам іс-шара жоспарланған.

Іс-шаралар 3 тамызда Taza Qazaqstan экологиялық акциясымен басталды. Еліміздің барлық өңірлерінде жастар саябақ аймақтарын, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандар аумақтарын абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді.

Ең алдымен, халықаралық жастар күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасы Жастар саясатының негізгі міндеттерін орындауға бағытталған. Оның ішінде жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайту мәселелері бар. Сондай-ақ, ұлттық онкүндік шеңберіндегі іс-шаралар «Адал азамат» концепциясын насихаттауға ықпал ететін болады, - деп хабарлады министрлік. - Айта кетейік, онкүндік республикалық жастар қоғамдық бірлестіктерімен өзара байланысына ықпал етеді.

Онкүндіктің әр күніне арнайы тақырып қойылған:

  • 3 тамыз – Таза Қазақстан
  • 4 тамыз – Жас келсе, іске!
  • 5 тамыз - Денсаулық - зор байлық
  • 6 тамыз - Ғылым таппай мақтанба!
  • 7 тамыз - Мейірімділік мекені
  • 8 тамыз - Адал азамат
  • 9 тамыз - Еңбек бәрін де жеңбек
  • 10 тамыз - Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
  • 11 тамыз - Қорған-24
  • 12 тамыз - Жастармен бірге
Өзгелердің жаңалығы