Қазақстанда тырысқақ эпидемиясы басталуы мүмкін бе?

21 Ақпан 2023, 18:02
1239
Бөлісу:
Қазақстанда тырысқақ эпидемиясы басталуы мүмкін бе?
Фото: www.trt.net.tr

Бұл сұраққа Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, биыл әлемнің көптеген елінде тырысқақ дертінің асқынуы байқалып отыр. 

Бұл дерт негізінен Африка, Сирия елдерінде кездесуде. Ал Қазақстанға келер болсақ, бізде жергілікті жағдайда тырысқақ соңғы 10 жылда тіркелмеген. Жалпы, тырысқақ – бұл тікелей адамнан адамға су арқылы берілетін ауру, - деп түсіндірді ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол ауызсудың да, ашық су қоймаларындағы судың сапасы да үнемі тексеріліп тұратынын жеткізді.

Ашық су қоймаларында үнемі түрлі қоздырғыштар, соның ішінде тырысқақтың қоздырғыштары болады. Бүгінгі таңда жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, елімізде тырысқақтың жаппай таралуына алаңдаудың негізі жоқ. Ал шетелден келетін азаматтарымыз тырысқақтың алғашқы белгілеріне тексерістен өтеді. Бес күннен аспайтын инкубациялық кезең ішінде егер олар ауырып қалса, оқшауланады. Медициналық көмекке жүгінгендердің анамнезі анықталады. Шетелден келген азаматтар эпидемиологияға қарсы іс-шаралар мен оқшауланудан өтеді. Қазір елде алаңдайтын жағдай жоқ, - деді Роза Қожапова. 

Өзгелердің жаңалығы