Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату қалпына келтірілді

16 Қыркүйек 2023, 10:45
2259
Бөлісу:

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ел аумағында спутник жүйесі бойынша телерадио хабар тарату қызметі қалпына келтірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 қыркүйекте сағат 10:11-де спутник бойынша телерадио хабарларын тарату қалпына келтірілді. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ аталған жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін таңертеңге дейін жұмыс істеді, - делінген ведомство мәліметінде.

Атап айтқанда, дәл қазір басқа да байланыс қызметтерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ KazSat-3 ғарыш аппаратындағы осы ақаудың болуы себебін анықтау іс-шаралары атқарылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұрғанын мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы